418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда лай көшкіні 8 адамның өмірін жалмады

  • 367
  • UPD: 12:30, 12.02.2020
Боливияда лай көшкіні 8 адамның өмірін жалмады

Боливияда су тасқыны мен лай көшкінінен 8 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

 Бұл туралы осы елдің азаматтық қорғаныс ұйымы хабарлайды. Өңірде бірнеше күн жауған жауыннан кейін өзен суы көтеріліп, тасқын басталған. Салдарынан ондаған баспана су астында қалды. 250-ден астам отбасы зардап шекті. Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады.

Айта кетейік, қазір елде жауын-шашын маусымы басталды. Әдетте нөсер наурыз айына дейін жалғасады.

Томас Тикона, жергілікті тұрғын:

– Лай көшкіні үйімді басып қалды. Әйелім мерт болды. Аулада балаларым ойнап жүрген. Сол кезде үйде болмағаныма өкінемін. Енді қайтемін? Барар жерім жоқ. Бізге көмек қажет.

Хабар 24 телеарнасы