431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда наразы жұрт тәртіп сақшыларымен қақтығысты

  • 136
  • UPD: 10:12, 12.02.2020
Ливанда наразы жұрт тәртіп сақшыларымен қақтығысты

Бейрутте наразы жұрт тәртіп сақшыларымен қайта қақтығысқа түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы ереуілшілер сенім вотумын өткізбек болған үкімет басшысы Хасан Диабтың саясатына қарсы шыққан. Жалпы, көшеге шыққан жұрт кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етіп отыр. Себебі тұрғындар өткен айда билікке келген премьер-министрге көңілі толмапты. Сондықтан да Хасан Диабтың министрлер кабинетін құруына қарсы.  Наразы халықты тарқату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ су пулемтін қолданған. Ливандық қызыл кресттің ақпарынша, соңғы ереуілдерден 140 адам зардап шегіпті. Оның 18-і ауруханаға түскен.

 

 

Хабар 24 телеарнасы