377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та 195 азамат карантиннен шығарылды

  • 56
  • UPD: 13:34, 12.02.2020
АҚШ-та 195 азамат карантиннен шығарылды

АҚШ-та 2 апта бұрын Уханьнан эвакуацияланған 195 азамат карантиннен шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ешбіреуінен дерт анықталған жоқ. Бірақ Калифорниядағы әскери базада тағы 24 тұрғын қалды. Дәрігерлер оларды әлі де қадағалау керектігін айтады. Ал осы елдің Ауруларды бақылау орталығының өкілдері «коронавирус 2002 жылғы САРС індетіне қарағанда өте жұқпалы, бірақ онымен салыстырғанда аса ауыр болмауы мүмкін»,– деп отыр. Себебі коронвирустан қазірге дейін науқастардың 2 пайызы ғана қайтыс болса, САРС-тан әрбір 10-шы адам қаза тапқан еді дейді мамандар.

Анна Шучат, АҚШ ауруларды бақылау орталығының өкілі:

– Вирусты күн сайын зерттеп, біраз мағлұмат жинадық. Ол көп жағдайда тұмау маусымы кезіндегідей тарайды. Оны өкпенің аса қабынуы вирусының өршуімен салыстыруға болады. Бірақ бізде қазір бұл дерттің қаншалықты қауіпті екені туралы мәлімет аз болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы