419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Diamond Princess» саяхат кемесінде коронавирус жұқтырғандар саны тағы артты

  • 460
  • UPD: 16:57, 12.02.2020
«Diamond Princess» саяхат кемесінде коронавирус жұқтырғандар саны тағы артты

Даймонд Принцесс круизді лайнерінде коронавирусты жұқтырған тағы 39 адам анықталды. Бұл туралы Жапония денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Осылайша қауіпті кеселге шалдыққандар саны 174 адамға жетті. Сондай-ақ жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша вирус лайнерде тексеріс жүргізген денсаулық сақтау министрлігінің шенеунігінен де анықталған. Айта кетейік, Даймонд Принцесс лайнері 4 ақпаннан бері Иокогама портында екі апталық карантинде тұр. Онда 3 700 жолаушы мен экипаж мүшелері бар.

Хабар 24 телеарнасы