431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея Уханьнан азаматтарын эвакуациялауды жалғастыруда

  • 187
  • UPD: 08:23, 13.02.2020
Оңтүстік Корея Уханьнан азаматтарын эвакуациялауды жалғастыруда

Сеулге Қытайдың Ухань қаласынан үшінші ұшақ қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бортта 147 жолаушы болды. Негізі 170-ке жуық адам эвакуацияға арыз жазған. Жолаушылар санының азаю себебі белгісіз. Сеулдегі Кимпо әуежайына келген алпысқа жуық адам – Қытай азаматтары. Олардың отбасыларында оңтүстіккореялықтар бар. Үшінші рейстегі барлық жолаушылар медициналық тексерістен өтті. Олардың бесеуінде коронавирус симптомдары анықталды, сондықтан олар қосымша тексеруге Сеул ауруханасына жіберілді. Қалған эвакуацияланған адамдар екі апта бойы Ичон қаласындағы қорғаныс министрлігінің тілдер университетінде карантинде болады. Сонымен қатар бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, короновирус жұқтырған тағы үш пациент сауығып, ауруханадан шығарылды. Осылайша, Оңтүстік Кореяда жұқтырған 28 адамның жетеуі Ухань пневмониясынан сауықтырылды. Жалпы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша 5 мыңнан астам адам короновирусқа тексерілген. Олардың ішінде төрт мыңнан астам пациентте пневмония болмаған. Мыңға жуық адам әлі карантинда қалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы