443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ердоған: Түркия әскерлеріне шабуыл жасалса, қатаң жауап қайтарылады

  • 162
  • UPD: 08:25, 13.02.2020
Ердоған: Түркия әскерлеріне шабуыл жасалса, қатаң жауап қайтарылады

Түркия тарапы сириялық әскерлерді ақпан айының соңына дейін Идлибтегі бақылау аймақтарынан шығармақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Оның айтуынша, бұдан былай түркиялық әскерилерге шабуыл жасалынса, қатаң жауап қайтарылады. Яғни Анкара Сочи меморандумында бекітілген аумақтардан асып, оқ ата бастайды.

Айта кетейік, бүгінге дейін Идлибтегі деэскалация аймағында 18 түркиялық әскер көз жұмған. Тағы 45 сарбаз түрлі деңгейде жарақат алған. 

Хабар 24 телеарнасы