377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда сёрфинг турнирі қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады

  • 59
  • UPD: 08:25, 13.02.2020
Португалияда сёрфинг турнирі қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады

Алып толқынмен арпалыспақ болған Алекс Бателью есімді сёрфингші жарыс кезінде бір-бірімен соқтығысқан екі толқынның арасында қалып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп тақтайынан құлап, суға тұншыққан. Кейін ессіз күйде жағаға шығып қалған. Абырой болғанда, спортшыға дер кезінде келіп жеткен құтқарушылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны ауруханаға жеткізіпті. Қазір оның жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, Португалия жағалауындағы Атлант мұхитының толқындары әлемдегі ең қуатты толқындардың қатарында. Олардың биіктігі 30 метрге дейін жетеді.

Хабар 24 телеарнасы