424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысыр халқы 100 млн-ға жетті: билік бұған қуанбай отыр

  • 893
  • UPD: 08:24, 13.02.2020
Мысыр халқы 100 млн-ға жетті: билік бұған қуанбай отыр

Мысыр халқының саны 100 миллионға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ елдің саяси басшылығы мен экономистері бұл жетістік алаңдаушылық туғызатын жаңалық екенін айтады. Себебі араб және Африка елдерінің көбі тұрғындарын баспана және лайықты жалақымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ. Египетте тұрғын үймен бірге мектеп, аурухана мәселесі де өзекті. Ал дерекке сүйенсек, Мысырда жыл сайын 2 жарым миллион сәби дүниеге келеді екен. Билік тіпті туу дамуын тежеу үшін «екеу жеткілікті» деген науқан жүргізіп келеді.

Хайрт Баракат, Египет ұлттық мобилизация және статистика орталық бюросының басшысы:

– Біздің мемлекеттің алдында тұрған ең өткір мәселенің бірі - халық санының артуы. Оны өте қауіпті деп те айтуға болады. Себебі қандай да бір экономикалық жоспар құрылғанымен, халық санының өсуі, оған еш нәтиже бермейді.

Хабар 24 телеарнасы