447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдағы індеттің беті қайтты ма: ДДСҰ жауабы

  • 240
  • UPD: 09:51, 13.02.2020
Қытайдағы індеттің беті қайтты ма: ДДСҰ жауабы

Соңғы аптада Қытайда ауруды жұқтырғандардың қатары өткен апталармен салыстырғанда саябырлаған секілді дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус, деп хабарлайды «Хабар 24».

Женевада өткен кезекті отырыста ол жағдайдың әлі де болса қауіпті екенін ескертті. Тіпті індеттің қайта өршіп кетуі де мүмкін екенін тілге тиек етті.

Тедрос Аданом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– Соңғы мәліметтерге қарағанда, жағдай біршама тұрақталған секілді. Алайда босаңсуға әлі ерте. Кез келген сәтте немесе бағытта вирус қайта өршіп кетуі мүмкін. Сондықтан індетпен күрес жалғасады. Ал қазір Комбоджа бірнеше күн теңізде болған Westerdam лайнерін қабылдауға келісті. Кемедегі жолаушылардан Covid-19 вирусын жұқтырғандар табылған жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы шыққан алғашқы вакцина 3-4 айдан кейін сынамадан өтеді деп болжам жасайды. Мамандар ғалымдардың жұмысы сәтті өтсе, вакцина бір жылдан кейін ғана қолжетімді болады дейді.

Хабар 24 телеарнасы