419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерланд пошталарында бомба жасырынған жолдамалар жиілеп кеткен

  • 167
  • UPD: 09:54, 13.02.2020
Нидерланд пошталарында бомба жасырынған жолдамалар жиілеп кеткен

Нидерландтың 2 пошта бөлімінде жолдамаға салынған бомба жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ ешкім жапа шеккен жоқ. Жарылыстың бірі Амстердамдағы банктің сұрыптау бөлімшесінде, ал екіншісі Лимбург провинциясының Керкрад қаласындағы поштада болды. Қазір қаскөй іздестіріліп жатыр. Полицияның мәлімдеуінше, мұндай оқиға алғаш рет қаңтардың 3-і күні тіркелген. Ал соңғы аптада бомба жасырынған жолдамалар жиілеп кеткен. Олар қонақ үйге, жанармай бекетіне, көлік тұрағына және тағы 2 компания кеңсесіне жіберілген. Бірақ бұған дейін бірде-бір жолдама жарылмаған.

Хабар 24 телеарнасы