447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы президенттік сайлауға демократтар атынан кім қатысады

  • 226
АҚШ-тағы президенттік сайлауға демократтар атынан кім қатысады

Қазір сарапшылар мен саясаттанушылар қызу талқыға салған тақырып бұл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені екі штатта өткен партия-аралық сайлауда фаворит саналатын Джо Байден жеңіліс тапты. Нью-Гэмпшир штатында өткен праймеризде халық сенатор Берни Сандерс пен экс-мэр Пит Буттиджич-ті қолдапты. Яғни өңірдегі 280 мың демократтың 26 проценті 78 жастағы Берни Сандерске өз дауыстарын берген. Бұл – Байденнің осымен екінші штаттан қолдау таппауы. Енді алда «супер-сейсенбі» деп аталатын алдын ала сайлау күнінің қорытындысын күту ғана қалды. Бұл күні бірден он бес штатта партияаралық дауыс беру өтеді. Содан кейін ғана президенттік сайлауға партиялар атынан қатысатын үміткерлердің есімі жарияланады. 

Хабар 24 телеарнасы