426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда АҚШ әскерилері мен үкіметті қолдаушы күштер қақтығысты

  • 515
Сирияда АҚШ әскерилері мен үкіметті қолдаушы күштер қақтығысты

Сирияда АҚШ әскерилері мен үкіметті қолдаушы күштер арасында қақтығыс болып, 1 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір жергілікті тұрғын мен 1 америкалық сарбаз жарақат алды. Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Хербет Амо ауылының маңында болды. Америкалық сарбаздар осы мекеннен өте бергенде үкіметті қолдаушы жасақтар олардың жолдарын кесіп, аспанға оқ атты. Оқ дауысын естіген америкалық патруль де қару қолданып, қақтығыс орын алды. АҚШ әскерилеріне көмекке қосымша күштер жетіп, өз базаларына оралды. АҚШ тарапы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы