413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгта коронавирусқа байланысты оқу демалысы 16 наурызға дейін ұзартылды

  • 261
  • UPD: 10:41, 13.02.2020
Гонконгта коронавирусқа байланысты оқу демалысы 16 наурызға дейін ұзартылды

Гонконг билігі коронавирустың таралуына байланысты мектеп демалысын 16 наурызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ria.ru Гонконг Білім беру басқармасының хатшысы Ян Жуньсюнға сілтеме жасап.

Сонымен қатар ол мектеп оқушылары басқа елдерде болса, Гонконгқа әзірше оралудың қажеті жоқ екенін айтты.

Ал Гонконгта тұратындарды мүмкіндігінше үйлерінен шықпауға шақырды.

Ол бұл шаралардың мектептер мен балабақшалар демалуы керек екенін білдірмейтінін айтып, онлайн режимде оқуды тезірек бастауға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы