448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус Қытайға жақын орналасқан елдердің туризміне қалай әсер етті

  • 197
  • UPD: 13:56, 13.02.2020

Израильде халықаралық туристік көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатысушылар осы саладағы қалыптасқан жағдайды талқыға салды. Әсіресе оларды коронавирус төңірегіндегі ахуал алаңдатады. Індеттің таралуы туризм саласына қатты әсер етті.

Бұл – туризм саласындағы дүние жүзіндегі ең ірі көрмелердің бірі. Көрме кезінде туроператорлар, қонақүйлер мен шипажай иелері мен әуекомпаниялардың өкілдері бас қосып, өз қызметтерін таныстырып, насихаттайды. Биыл форумға 57 елден келген 700-ге жуық компания қатысып отыр. Талқыға түскен тақырыптың бірі - коронавирустың туризм саласына кері әсері.

Эяль Шмуэли, көрме ұйымдастырушысы:

– Әрине, қатты әсер етті. Өндірісімізге ғана емес, жалпы барлық адамдарға. Мен қазір кез келген бағытта қатынайтын ұшаққа отыруға қорқамын. Бірақ алдағы бірнеше айда жағдай тұрақталады деп сенеміз.

Індет әсіресе әуекомпанияларын шығынға батырды. Рейстер саны қысқарды, ұшқыштарды еркісіз демалысқа жіберіп жатқаны белгілі. Әсіресе Азияға қатынайтындарға ауыр тиіп тұр. Мәселен, Израиль. Ел тұрғындары Қытайға үнемі саяхаттайтынын ескерсек, әуе қатынастың тоқтауы қаншалықты қиын екенін түсіну оңай шығар. Азия құрлығының қалған елдеріне билеттер сатылымы екі есе азайды. 

Рон Хашахар, Қытай әуекомпаниясының израильдегі өкілі:

– Сұраныс азайғанын байқап отырмыз. Билеттерді әдеттегіден жиі қайтаратын болды. Әзірше басшылық тарапынан еш шешім қабылданған жоқ, олар қандай шара қабылдайтынын күтіп отырмыз. Қазір әуекомпания туристтерді тарту үшін балама жоспар әзірлеп жатыр.

Сұраныстың төмендеуінен Қытайға жақын орналасқан елдер де зардап шегуде. Израиль тұрғындары әскери борышын өтегеннен кейін бұл елдерге саяхат жасауды ұнататын. Алайда бұл жағдай ішкі туризмді дамытуға зор мүмкіндік дейді мамандар.

Авторлары: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы