381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Tesla 15 мың көлігін кері қайтарып жатыр

  • 153
  • UPD: 18:40, 13.02.2020
Tesla 15 мың көлігін кері қайтарып жатыр

АҚШ-тың «Тесла» компаниясы өзінің X моделіндегі 15 мыңға жуық көлігін кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рейтерс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұған рөлдің гидрокүшейткішіндегі ақау себеп болды. Компанияға қайтып келетін 14 193 көлік АҚШ-тың өзінен, қалған 843-і Канададан жіберіледі. Өндірушілер барлық темір тұлпардың бұрандамаларын, қажет болса, рөл механизмінің өзін ауыстырмақ ниетте.

Естеріңізге салайық, өткен жылы да «Тесла» компаниясы Қытайдан 2014 пен 2016 жылдар аралығында сатылған S моделіндегі 14 мың көлігін кері қайтарып алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы