loader

Иракта әйелдер биліктің ауысуын талап етті

Иракта әйелдер биліктің ауысуын талап етті

Иракта әйелдердің құқығын қорғауға арналған шеру өтті. Аталған акция ел астанасы Бағдад пен тағы бірнеше қалада ұйымдастырылды.

Шеруге жүздеген қыз-келіншек қатысты. Олар әйелдерді кемсіту мен қысым көрсетуге және жыныс бойынша бөлуге қарсылық білдірді. Сондай-ақ нәзік жандылар биліктің ауысуын талап етті.

Еске сала кетейік, Ирактағы үкіметке қарсы ереуілдер өткен жылдың күзінен бері жалғасып келеді. Содан бері тәртіпсіздік салдарынан 500-дей адам қаза тапты.

Сондай-ақ...