443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Гринпис» ұйымы Жапонияның ядролық қалдықтарды мұхитқа тастауына қарсы шықты

  • 219
  • UPD: 14:08, 14.02.2020

«Гринпис» ұйымының Оңтүстік Кореядағы мүшелері Жапонияның ядролық қалдықтарды мұхитқа тастау жоспарына қарсы шықты.

Бұған Жапонияның экономика, сауда және индустрия министрлігінің үкіметке жасаған есебі себеп болған. Онда Фукусима-1 атом электрстансасы реакторларын салқындату үшін пайдаланылатын бір миллион екі жүз мың тонна суды мұхитқа тастауға кеңес берілді. «Гринпис» Жапония үкіметінің барлық радиоактивті заттар қоқыста жойылды деген мәлімдемесіне сенбейтіндерін айтты. Корея мен Жапония ғалымдарының пікірінше, атом электрстансасында пайдаланған суда, тазартудан кейін де цезий және стронций сияқты элементтер болуы мүмкін. Сонымен қатар «Гринпис» белсенділерінің айтуынша мұхит рұқсатсыз Фукусима қалдықтарымен ластанып жатыр. Бұл проблеманы үкімет те біледі. Онда тіпті биыл Токиода өтетін Олимпиадада Оңтүстік Корея спортшыларын қауіпсіз тағаммен қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. 

Мари Чан, Greenpeace ұйымының өкілі: 

- Егер қалдықтар теңізге түссе онда ол дастарқанымызға теңіз өнімдері арқылы келеді. Сондықтан «Гринпис» Корея үкіметін халықаралық заңдар арқылы жапондық жоспарларды тоқтатуға шақырады. Токиодағы Олимпиаданы өткізу арқылы Жапония үкіметі Фукусима апатынан кейін елдің жандана бастағанын көрсеткісі келеді, бірақ бұл жалған ақпарат.

Хабар 24 телеарнасы