432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда Қытайдан келген бес мыңнан астам жұмысшы карантинге алынды

  • 463
  • UPD: 12:29, 14.02.2020
Вьетнамда Қытайдан келген бес мыңнан астам жұмысшы карантинге алынды

Қытай жаңа жылынан кейін Вьетнамға оралған 5,1 мыңнан астам Қытай азаматы карантинге алынды, деп жазады Vnexpress.

Іс жүзінде бұл Вьетнамға заңды жұмыс істейтін қытайлық жұмысшылардың жалпы санының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Вьетнамда 33,7 мыңнан астам қытайлық жұмыс істейді. Олардың басым көпшілігі (26 мың) Жаңа жылды қарсы алуға үйлеріне кеткен, ал оның 7,6 мыңы ғана жұмыс істеуге Вьетнамға оралды.

Жұмысшылар өздері жұмыс істейтін ұйымдардың жатақханаларында және жергілікті қонақүйлерде оқшауландырылған. Сонымен қатар коронавирус белгілері бар адамдар медициналық мекемелерде дәрігерлердің бақылауына алынған.

Хабар 24 телеарнасы