427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтыру күдігімен бірнеше ел кіргізбеген кеме Камбоджаға тұрақтады

  • 532
  • UPD: 13:41, 14.02.2020
Коронавирус жұқтыру күдігімен бірнеше ел кіргізбеген кеме Камбоджаға тұрақтады

«Уэстердэм» круиздік лайнеріндегі жолаушылар Комбоджа жағалауына шықты.

Бортында шамамен 1 жарым мың адам болған кеме бір аптадан аса уақыт бойы түрлі елдердің порттарына айлақтай алмай әлекке түскен. Онда коронавирусты жұқтырғандар болуы мүмкін деген күдік болғандықтан су көлігін Жапония, Филиппин, Гуам, Тайланд және Тайвань билігі қабылдамай қойды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дәрігерлер барлық жолаушыны жіті тексеріп шықты. Арасынан вирус жұқтырғандар анықталған жоқ. Енді жолаушылар туроператорлардың есебінен елге қайтатын болады.

Хабар 24 телеарнасы