Антарктиданың Пайн-Айленд мұздығы жарылды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Теміртау қаласының аумағымен бірдей айсберг мұздықтан бөлінгеннен кейін бөлшектерге ыдырап қалған.
Айта кетейік, жаһандық жылынудың кесірінен Пайн-Айленд мұздығы одан әрі еріп жатыр. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның зерттеуі бойынша өткен аптада Антарктидада ауа температурасы 18,3 градусқа көтеріліп, ең жоғарғы көрсеткішті көрсеткен. Ал мамандар болса мұздықтың еруі әлемдік мұхиттың көтерілуіне әкеліп соғады деп дабыл қағуда.
