443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда екі мыңдай дәрігер коронавирус жұқтырған

  • 378
  • UPD: 14:31, 14.02.2020
Қытайда екі мыңдай дәрігер коронавирус жұқтырған

Қытайда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны артып жатыр, деп хабарлады ТАСС.

СОVID-19 вирусын Қытайдың екі мыңдай дәрігері жұқтырып, оның алтауы қайтыс болды.

Уханьда 30-дан астам робот дәрігерлерге жәрдемдесіп жүргенін жазған болатынбыз.

Айта кетсек, коронавирусты жұқтырған-жұқтырмағанын тексеру барысында әдетте пациенттің ауыз қуысынан сараптама жинау үшін тампон қолданылады. Сондықтан медбикелердің вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары.

Хабар 24 телеарнасы