435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда он мың адам 20 күнге карантинге жабылды

  • 193
  • UPD: 15:21, 14.02.2020
Вьетнамда он мың адам 20 күнге карантинге жабылды

Коронавирустың таралуынан қауіптенген Вьетнам билігі 10 мың тұрғыны бар ауылды 20 күнге карантинге жапты.

Шонлой деп аталатын бұл елді мекен ел астанасы Ханойдан 44 шақырым жерде орналасқан. France-Presse агенттігінің мәліметінше, қауіпсіздік мақсатында ауылға апарар жолдарға бақылау-өткізу пунктері қойылған. Бұдан бөлек медицина мамандары залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ал билік өкілдері тұрғындарға адам көп шоғырланатын жерлерден аулақ болуға шақырып жатыр.

Айта кетейік, бүгінде Вьетнамда қатерлі дертке шалдығудың 16 дерегі тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы