423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда робот даяшы қызметін атқарып жүр

  • 579
  • UPD: 08:34, 15.02.2020

Кабулдағы мейрамханалардың бірінде робот даяшы қызмет көрсете бастады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сөйтіп Tимия есімді құлтемір бірден меймандардың көңілінен шыққан. Жапон инженерлері құрастырған робот еркін қозғалып, келуші үстеліне тапсырысты жеткізеді. Даяшы қызметіне небәрі 1 ай бұрын кіріскен Тимия әзірге Ауғанстандағы жалғыз ғана робот.

Мұхаммад Рафи Ширзад, мейрамхана менеджері:

– Біз роботты Жапониядан сатып алдық. Бұл – жастарды ынталандыру үшін жасалған қадам. Яғни, осы құлтемірді көрген соң олар жоғары технологияларға да қызыға бастайды. Ал бұл еліміздің инновациялық тұрғыдан дамуына өз септігін тигізері сөзсіз.   

Хабар 24 телеарнасы