425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияда коронавирустан қаза тапқандардың саны тағы артты

  • 586
Швейцарияда коронавирустан қаза тапқандардың саны тағы артты

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны тағы өсіп, 1 мың 523-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

66 мың 500-ге жуық тұрғын індетке шалдыққан. Аурудан көз жұмғандардың көбі Хубей провинциясының тұрғындары. Аймақта науқастарды емдеп жатқан дәрігерлердің арасында да вирусты жұқтырғандар көбейген. Олардың саны 1 мың 600-ден асады. Ал жұқпалы дерттен бүкіл әлем бойынша 8 мыңнан астам адам жазылып шыққан. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жағдайға қарамастан әлемдегі ахуал біршама тұрақты дегенді айтып отыр. Халықаралық ұйымның мамандары бүгін қытайлық әріптестерімен бірге коронавирусты зерттеуге кірісуі тиіс. Олар Қытайдың 3 провинциясын араламақ.

Тедрос Адханом Гебрейесус, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қытайдың коронавирусты зерттеу бойынша бірлескен миссиясы бүгін-ертең өз жұмысын бастайды. Бұл топ 12 халықаралық сарапшы мен 12 қытайлық маманнан тұрады. Олар вирустың қалай таралатынын, оның қауіптілігін және қолға алып жатқан шаралардың тиімділігін зерттейді.

Хабар 24 телеарнасы