378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус Египетке де жетті

  • 209
  • UPD: 15:35, 15.02.2020
Коронавирус Египетке де жетті

Әлемде коронавирусты жұқтыру оқиғалары өсіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Египетте қауіпті дерттің нышандары бір қытайлық азаматтан анықталды. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Бұл Мысыр елінде коронавирустың алғаш тіркелуі. Науқаспен байланысқа түскен барлық адам бақылауға алынып, карантинге жабылған.

Айта кетейік, қазір әлемде, Қытайды есептемегенде, коронавирусты жұқтырғандардың саны 505-ке жеткен.

Хабар 24 телеарнасы