437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перудегі бірнеше қаланы су басып жатыр

  • 188
  • UPD: 15:33, 15.02.2020
Перудегі бірнеше қаланы су басып жатыр

Перуде толассыз жауған жауыннан өзендер тасып, елдің оңтүстігіндегі бірқатар қаланы су басып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Такна шаһарының шеткі аудандарында лай көшкіні жүрді. Табиғат апатынан қаза тапқандар туралы ақпар жоқ. Ал Арекипа да жауыннан ондаған үй суға кеткен. Пуно қаласында да дәл осындай жағдай. Апат аймағында құтқару жұмыстары қолға алынған. Айта кетейік, қазір Перуде жауынды маусым мезгілі. Ол сәуір айына дейін жалғасады

Хабар 24 телеарнасы