430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядағы лаңкестер Асад үкіметінің тікұшағын атып құлатты

  • 494
  • UPD: 18:45, 15.02.2020
Сириядағы лаңкестер Асад үкіметінің тікұшағын атып құлатты

Сирияның Идлиб аймағында үкімет әскерінің тағы бір тікұшағы атып түсірілді. Шабуыл оппозициялық күштердің бақылауындағы Куптан-аль Джабаль ауылының жанында жасалды.

Алепподағы шайқасқа беттеп бара жатқан тікұшаққа «жер-әуе» санатындағы зымыран қолданылған. Шабуылдан экипаж мүшелерінің бәрі қаза тапты. Осы аптаның басында бұл  ауданда үкімет әскерінің тағы бір тікұшағы атып түсірілген болатын.

Айта кетейік, Сирияның Идлиб аймағындағы жағдай желтоқсан айында ушығып кетті. Оған қарулы топтардың осы өңірдегі үкімет әскерінің бекіністерін шабуылдауы түрткі болды. Салдарынан 17 жауынгер қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы