435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда мемлекеттік аурухана дәрігерлері шеруге шықты

  • 99
  • UPD: 10:42, 17.02.2020
Францияда мемлекеттік аурухана дәрігерлері шеруге шықты

Францияда мемлкеттік ауруханалардың дәрігерлері наразылық шеруіне шықты. Мыңдаған адам қатысқан шара елдің көптеген қалаларында өтіп жатыр.

Шеруді ұйымдастырушылар үкіметтен емдеу орталықтарының қарыздарын өтеп, жалақыны өсіруді және ауруханаларды дәрігерлермен жеткілікті түрде қамтамасыз етуді талап етіп жатыр. Себебі жұмыс жағдайының нашарлауынан емдеу сапасы төмендеген. Ақ халаттылар мұндай жағдай жалғаса берсе мемлекеттік ауруханалар жүйесі күйрейді деп отыр.

Айта кетейік, Францияда дәрігерлер наразылығының жалғасықанына бір жылдай уақыт болып қалды. Бірнеше шеруден кейін билік мемлекеттік ауруханаларға қосымша көмек бөлуге келіскен. Бірақ дәрігерлер оны жеткіліксіз деп отыр.

Эвелин, Париж тұрғыны:

- Өкініштісі, дәрігерлерді қолдап шыққан тұрғындар аз болып тұр. Халық мемлекеттік ауруханалар әрдайым жұмыс істейді деп шеруге немқұрайлы қарауда. Бірақ мұндай емдеу мекемелерінің қатары азайып барады. Олардың жабылуынан қарапайым адамдар көп зардап шегеді.

Хабар 24 телеарнасы