420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-Мексика шекарасында 650 шақырымдай қабырға тұрғызылмақ

  • 664
  • UPD: 09:14, 16.02.2020
АҚШ-Мексика шекарасында 650 шақырымдай қабырға тұрғызылмақ

АҚШ пен Мексика арасындағы шекарада жыл соңына дейін 650 шақырымдай қабырға тұрғызылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірге дейін оның 200 шақырымы бой көтерген. Бұл туралы президент Дональд Трамп Вашингтонда шекарашылармен кездесуде мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, шекарада қабырға тұрғызыла салысымен, ел аумағына ағылған заңсыз мигранттар саны 75 процентке азайған. Ал шекарашылардың жұмысы әлдеқайда жеңілдеген.

Айта кетейік, АҚШ пен Мексика арасындағы шекараның ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Өткен апталарда билік Аризона штатында биыл жыл соңына дейін қабырғаның жаңа бір бөлігі салынатынын хабарлаған.

Хабар 24 телеарнасы