448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус Қытай экономикасына қалай әсер етіп жатыр

  • 454
  • UPD: 11:07, 16.02.2020
Коронавирус Қытай экономикасына қалай әсер етіп жатыр Правда.Ру

Мұндай пікірді осы елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Цинь Ган Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндгеі конференцияда білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, індетке тосқауыл қойылған соң елде тұтынушылар сұранысы тез қалпына келмек. Халықаралық валюта қоры да аспан асты елінің экономикасы індетке қарамастан, тез қалпына келеді деп болжап отыр.

Айта кетейік, Қытай әлемде экономика бойынша екінші орынды иеленеді, ал оның дүние жүзі экономикасының дамуына үлесі 30 процентті құрайды.

Цинь Ган, Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары:

– Індеттің Қытай экономикасына әсері уақытша ғана болады. Хубей провинциясын алмағанда, еліміздің өзге аймақтарында өндіріс біртіндеп жұмысын бастады. Үкімет бизнестің қазіргі қиындықтарды еңсеруі үшін салықты төмендету сияқты түрлі шараларды қолға алды. Мемлекет экономиканы ынталандыруға күш салып жатыр. Халықаралық ұйымдар экономиканы дамытуға бағытталған бұл шараларға қолдау білдіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы