429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан соңғы бір тәулікте 150-ге жуық адам көз жұмды

  • 614
  • UPD: 13:55, 16.02.2020
Коронавирустан соңғы бір тәулікте 150-ге жуық адам көз жұмды

Қытайда соңғы бір тәулікте коронавирустан тағы 142 адам қайтыс болып, дерттен көз жұмғандардың саны 1665-ке жетті.

Бірақ вирусты жұқтырғандардың қатары 2 мыңға ғана артқан. Бұл алдыңғы күндерге қарағанда әлдеқайда аз. Ал аурудан 1 мың 300-ден астам адам жазылып шығып, дерттен айыққандардың саны 9 мыңнан асып отыр. Осыған орай Германияда өткен қауіпісіздік конференциясында Қытай Сыртқы істер қауіпті індетті бақылауға болатынын және мемлекеттің қолға алған шаралары тиімділігін беріп жатқанын атап өтті.

Ван И, Қытай сыртқы істер министрі:

– Хубей мен Уханьдағы індеттің өршуіне тиімді тосқауыл қойылып жатыр. Қазір емделгендердің саны 9 мыңнан асты. Бүкіл ел аумағы бойынша дерттен қаза табу көрсеткіші 2 пайызды, Хубейден сырт аймақтарда 0,55 процентті құрайды. Бұл қауіпті дертті емдеуге болатынын көрсетеді. Біз індетті жеңіп шығатынымзға толық сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы