421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Деннис» дауылынан Ұлыбританиядағы елді мекендерді су басып жатыр

  • 555
«Деннис» дауылынан Ұлыбританиядағы елді мекендерді су басып жатыр

Ирландия жағалауына «Деннис» дауылы соғып, Ұлыбританияда табиғат апатынан төнген қауіп деңгейі артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік атлант мұхитынан ұйытқыған желдің жылдамдығы 110 шақырымға жетеді. Аймақта жүзден аса әуе рейсі кейінге шегерілді. Дауыл аймаққа қалың жаңбыр әкеліп, елді мекендерді су басып жатыр. 2 адам суға кеткен. Билік 200-ден астам ауданда тасқын жүретінін ескертіп отыр. Табиғат апатымен күреске әскерилер жұмылдырылып жатыр. Айта кетейік, өткен аптада  Ұлыбританияда «Киара» дауылы соғып, көп мекенді су басқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы