425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексикада зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық акциясы өтті

  • 459
Мексикада зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық акциясы өтті

Мексика астанасында жүздеген әйел нәзік жандарға көрсетілетін зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыз-келіншектердің бұлайша ашынуына 25 жастағы Ингрид Эскамилла есімді әйелді күйеуінің айуандықпен өлтіруі түрткі болды. Қанішер жарының денесін бөлшектеп, дәретханаға тығып кеткен. Акцияға қатысушылар биліктен мұндай қылмыспен белсенді түрде күресуді талап етіп отыр. Олар бұған дейін де шаһар орталығына шығып, бірнеше көлікке от қойып, президент сарайының қақпасын бояп кеткен. Жергілікті прокуратура қылмыскерге ең қатал жаза қолданылатынын мәлімдеді. Ал ресми дерекке сүйенсек, Мексикада күн сайын 10 әйел көз жұмады екен.

Эрика Гонзалез, жергілікті тұрғын:

– Біз биліктен әйелдерді қорғап, оларға қолдау көрсетуді сұраймыз. Мемлекетте нәзік жандардың өлімі көбейген. Мұндайға жол бермеуіміз керек. Біз әділдікті талап етеміз.

Хабар 24 телеарнасы