448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Westerdam кемесінде болған бір жолаушыдан коронавирус анықталды

  • 246
Westerdam кемесінде болған бір жолаушыдан коронавирус анықталды

Камбоджа тарапы коронавирустан таза деп қабылдаған Westerdam круиздік лайнеріндегі бір жолаушыдан қауіпті дерт анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ауру кемеден түсіп Малайзияға барған 83 жастағы америкалық әйелден анықталды. Осыған байланысты Куала-Лумпур қалған жолаушыларды ел аумағына кіргізуге тыйым салды. Суық хабар жете салысымен кеме капитаны науқасты қайтара тексергенше, жолаушыларды жағаға түсірмеуді шешкен. Бірақ екінші анализ де оның коронвирус жұқтырғаны көрсетіп отыр.

Еске сала кетейік, 1455 жолаушысы бар кеме ақпанның 1-і күні Гонконгтен шығып, бірнеше елдің аумағына кіре алмаған болатын. 1 апта бойы теңізде тұрған лайнерді 3 күн бұрын Камбоджа билігі қабылдауға келіскен.

Гнор Сочиат, жергілікті тұрғын:

– Мен үкіметтің елде жаңа індетті жұқтыру оқиғасы жоқ деген мәлімдемесіне сенбеймін. Бірақ билік бұл кемені ел аумағына кіргізуге шешім қабылдап қойды ғой. Сондықтан ол туралы не айтуға болады.

 

Хабар 24 телеарнасы