432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ташкентте алғаш рет халықаралық авиациялық форум өтеді

  • 477
  • UPD: 22:00, 16.02.2020

Өзбекстан елдегі әуежайларды транзиттік хабқа айналдыруды мақсат етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

«Географиялық жағынан алғанда көрші елдер тиімді көлік кеңістігінде орналасқан», – дейді мұндағы шенеуніктер. Әрі ұшақтар жыл он екі ай кез келген әуеайлағына емін-еркін қона алады. Бұл ретте олардың климаты да өте қолайлы. Өзбектер осыны пайдаланып, өз транзиттік торабын Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін әуе көліктеріне қолданып көрмекші. Өйткені мұндағы транзиттік тариф Ыстамбұл мен Дубай әуежайларынан әлдеқайда арзан болмақ.

Айта кетейік, алдағы аптада Ташкентте алғаш рет Халықаралық авиациялық форум өтеді. Оған аталмыш саладағы әлемнің беделді компаниялары қатысады деп болжанып отыр.

Элёр Ганиев, Өзбекстанның көлік министрі:

– Біз елдегі әуежайларды жетекші шетелдік компаниялардың басқаруына беруді жоспарлап отырмыз. Әрі бұл процесті тендер арқылы ашық өткіземіз. Ол үшін форум барысында бірнеше басқарушы компаниямен келіссөздер жүргізу көзделген. Бүгіннің өзінде бізге бірнеше ұсыныс түсіп отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы