429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тайваньда коронавирустан адам қайтыс болды

  • 523
  • UPD: 09:10, 17.02.2020
Тайваньда коронавирустан адам қайтыс болды

Тайваньда да коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды. Жұқпалы дерттен көз жұмған кісі Қытайға бармаған. Яғни дерттің негізгі ошағында болмаған 60 жастағы ер адам.

Марқұм тіпті ауруға шалдыққан науқастармен де қатыспаған. Сондықтан оның вирусты қайдан және қалай жұқтырғаны жан-жақты тексеріліп жатыр. Айта кетейік, әлемде осымен Қытайдан бөлек төртінші елде дертке шалдыққан адам көз жұмып отыр. Бұған дейін мұндай оқиға Филиппинде, Жапонияда және Францияда тіркелген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы