445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия лаңкес қаптаған Идлибтен Сирия үкіметінің әскерін қуып шықпақшы

  • 196
  • UPD: 09:40, 17.02.2020
Түркия лаңкес қаптаған Идлибтен Сирия үкіметінің әскерін қуып шықпақшы

2011 жылы басталған Сириядағы азаматтық соғыс осы жылдың ақпан айының басынан бері ушығып барады. Өткен аптада Идлиб провинциясында ел президенті Башар Асадтың Үкімет әскері ұйымдастырған атыс-шабыстан кейін өңірдегі Түркияның 14 жасағы қаза тапты.

Бұл жағдай Анкараның ашуына келді. Енді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирия мен оның қолдап отырған Ресейдің әскерін аймақтағы бейбіт халыққа қарсы шабуылдады деп айыптап отыр. Түркия басшысы Сирия билігінен өз  әскерін ағымдағы айдың соңына дейін Идлибтен шығаруын талап етті.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті: 

- Қазір Сириядағы Идлиб мәселесі маңызды. Башар Асад режимінің сарбаздары шабуылдарын тоқтатып, тез арада бұл аймақтан кетуі керек. Олай болмаған жағдайда Түркия  да күш қолданады. Бізге одақтас елдер көмектесетін болса одан да бас тартпаймыз. Алайда Идлибтен Үкімет әскерін өз күшімізбен де басуға шама жетеді.

Хабар 24 телеарнасы