411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандағы билік қонақүй салғандарға қаржылай қолдау береді

  • 304
  • UPD: 14:30, 17.02.2020

Өзбекстан үкіметі қонақ үйлер салған кәсіпкерлерге субсидия беріп жатыр. Мемлекет мейманханалардың құрылысына жұмсалған шығынның 30 процентін өтеуге дайын. Қазір бұл елде туристер саны көбейіп, есесіне демалушылар орналасатын орындар жетіспейді.

- Вот такие у нас номера. Благодаря субсидированию государства мы получили 40 млн сум за каждый номер. Таких номеров у нас более 100.

40 млн сом – бұл шамамен 1,5 млн теңге. Өзбекстан үкіметі жаңадан бой көтерген қонақүйдің әрбір номері үшін кәсіпкерлерге осыншама көлемде субсидия береді. Бұл тек үш жұлдызды мейманханаларға үлестірілетін қаражат. Ал 4 жұлдызы барларға 2,5 млн теңге қарастырылған. 

Азиз Абдухакимов, Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары:

- Қонақүй құрылысын субсидиялау – бұл бұрын-соңды болмаған бизнесті қолдаудың бірегей түрі. Егер кәсіпкер 3 немесе 4 жұлдызды мейманхана салатын болса, онда мемлекет шығынның 20-25 пайызын өтейді. Бұл мақсатқа 2020 жылы 200 млрд сом бөлініп отыр.

Соңғы жылдары Өзбекстанда туристер саны қарқынды өсіп келеді. Мәселен, былтыр ала шапанды ағайынның еліне 6 млн 700 мың адам демалып барса, биыл бұл көрсеткіш 8 млн-ға дейін жетеді деген болжам бар. Демек, қонақүйлерге сұраныс артады.  

Әрбір номерімізге біз 40 млн сом субсидия алдық. Жалпы мемлекет тарапынан 4 млрд 200 мың сомға көмек көрсетілді. Бұл қаражат – мейманхана құрылысына жұмсалған шығынның 30 пайызы. Осындай қолдау кәсіпкерлерді рухтандырып, тағы да қонақүй ашуға ынталандырады.

Ал субсидия алуға дәмелі кәсіпкерлерге қойылар талап бір. Салатын қонақ үйің 50 бөлмеден кем болмауы тиіс. Әрі мейманхананың құрылысын 2022 жылға дейін бітіруі қажет. 

Авторлары: Ж.Біркенов және Қ.Оспан

Хабар 24 телеарнасы