447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ Қытайға өз өкілін жіберді

  • 178
ДДСҰ Қытайға өз өкілін жіберді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы Қытайға келді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мамандар Бейжіңнен бөлек Гуандун және Сычуань провинцияларына барып, коронавирус эпидемиясына қатысты қосымша мәлімет жинайды. Халықаралық топ құрамына 24 адам кіріп отыр. Олардың тең жарымы – қытайлық мамандар.

Гуо Яньхун, Қытай денсаулық сақтау бойынша ұлттық комиссиясының өкілі:

– Ауру ошағы Ухань қаласындағы жағдай айтарлықтай өзгерген. Індетті ерте анықтау мен уақтылы емдеудің арқасында жағдайы ауыр науқастардың үлесі 38 проценттен 18 процентке дейін азайған.

Хабар 24 телеарнасы