448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кемеден эвакуацияланған азаматтардан коронавирус анықталып жатыр

  • 168
Кемеден эвакуацияланған азаматтардан коронавирус анықталып жатыр

Күні кеше ғана «Даймонд принцесс» лайнерінен АҚШ-қа эвакуацияланғандар арасынан коронавирус жұқтырғандар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Індет ізі 14 азаматтан табылды. Жапонияда  олар денсаулығы сыр бермеген. Ауру белгілері кейін біліне бастапты. Қазір науқастардың бәрі Небраска штатында карантинге жабылды. Өз кезегінде Германия билігі өз отандастарын эвакуациялауға енді қамданып жатыр. Азаматтарды елге қайтару ісі бойынша билік өкілдері қазір Еуропаның өзге елдерімен де келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай, бүгінде аталған кемедегі Германияның екі азаматы вирус жұқтырыпты. Сондықтан азаматтар елге оралған соң қайтадан екі апталық карантинге жатуы мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы