445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық кәсіпкер климаттың өзгеруіне қарсы күреске 10 млрд доллар бөлді

  • 207
Америкалық кәсіпкер климаттың өзгеруіне қарсы күреске 10 млрд доллар бөлді

Әлемнің ең бай адамы әрі Амазон интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос климаттың өзгеруіне қарсы күреске 10 миллиард доллар қаржы бөлді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Кәсіпкер аталған соманы «Безостың Жер қорына» аударды. Бұл жайлы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Миллиардердің айтуынша, климаттың өзгеруі планетаға төнген ең үлкен қауіптердің бірі. Сондықтан климаттың өзгеруіне кері әсер ететін факторлармен күресудің жаңа тәсілдерін зерделеу қажет. Осыған байланысты ол әлем елдерінің үкіметтерін, бизнес өкілдерін, халықаралық ұйымдарды климаттың өзгеруімен күресуге шақырды.

 

Хабар 24 телеарнасы