431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда дәрігерлер шетелге кетіп жатыр

  • 280
  • UPD: 22:54, 18.02.2020
Түркияда дәрігерлер шетелге кетіп жатыр

Түркияда медицина қызметкерлері шетел асып жатыр. Мұнда соңғы 8 жылда өзге мемлекетке кеткен ақ халаттылар саны 15 есеге артып, мыңға жуықтаған.

Арнамызға арнайы сұхбат берген Анкара медициналық палатасының төрағасы, профессор Ведат Бұлұт осылай дейді. Оның айтуынша, медицина қызметкерлерінің басқа елді таңдауына бірнеше себеп бар. Ең бастысы, дәрігерлердің жүктемесінің көптігі, яғни бейнеті көп. Науқастың жақындары тарапынан жасалынатын қысым да тағы бір себеп. Жалпы түрік елінде дәрігерлерге талап қатал. Жұрт бұл мамандық иелерін қатты құрметтейді. Бірақ әлгідей қызулыққа салынып, науқас туыстары дәрігерлерге қарсы күш қолданып жатады. Мұндай жағдай елде жиілеген. Айта кетерлігі, түрік дәрігерлері шетел асып жатса, біздің мамандар сол жаққа барып қызмет етуге әуес. Бірақ ол жақтағы қазақстандық дәрігерлердің саны нақты белгісіз. Түркиядағы тілшіміз Меруерт Қанағаттың айтуынша, қазақ дәрігерлерді мұндағы барлық провинциялардан кездестіруге болады. 

Ведат Бұлұт, Анкара медициналық палатасының төрағасы, профессор:

- 2011-2012 жылдары басқа елдерге кеткен дәрігерлердің саны ешқашан 100-ден жоғары болмаған. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш 800-900-ден асып отыр. Барған сайын артуы мүмкін. Себебі 3 жарым мың дәрігер 15 шілдедегі төңкерістен кейін жұмыстан шығарылған. 500-ден астамы қауіпсіздік бақылауынан өте алмады. Олар үшін жұмысқа орналасудың жалғыз жолы шетелге кету. Қалғандарының медицина қызметкерлеріне жасалған әлеуметтік жағдайға көңілдері толмайды.

Хабар 24 телеарнасы