412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: Уханьда арнайы салынған аурухананың бас дәрігері көз жұмды

  • 302
  • UPD: 08:49, 19.02.2020
Коронавирус: Уханьда арнайы салынған аурухананың бас дәрігері көз жұмды

Қытайдың Ухань қаласында коронавирусты жұқтырғандарды емдеу үшін арнайы салынған аурухананың бас дәрігері осы індеттен көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін аспан асты елінде COVID-19 вирусынан бірде бір медициналық мекеме басшысы мерт болған емес. Шамамен екі апта бұрын эпидемия басталмай тұрып, індеттің қаупі жайлы ескерткен дәрігер де коронавирустан ажал құшқан еді. Ол былтыр желтоқсанда аурудың алғашқы деректері жайлы достарына айтып, мессенджерде хабарлама таратқан. Алайда артынша офтальмологты полицияға шақыртып, жалған ақпарат таратуға тыйым салған болатын. Жалпы соңғы мәлімет бойынша, Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 72 мыңнан асады. Солардың 1700-ден астамы – медициналық қызметкерлер.

Цао Синь, медбике:

– Мен коронавирус ошағы Ухань қаласындағы әріптестеріме көмектесу шешімін қабылдап, өз еркіммен сонда баратын болдым. Бұл менің міндетім.

Хабар 24 телеарнасы