447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның екі провинциясына әуе шабуылдары жасалды

  • 210
  • UPD: 08:48, 19.02.2020
Сирияның екі провинциясына әуе шабуылдары жасалды

Сирияның Идлиб және Алеппо провинцияларына әуе шабуылдары жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жараланғандар бар. Алайда олардың нақты саны әзірге белгісіз. Шабуыл кезінде сондай-ақ екі ауруханаға айтарлықтай нұқсан келтірілді. Соққыны үкімет әскері жасағаны белгілі. Сирияның қарулы күштері тақауда Алеппо мен ел астанасы Дамаск қаласын жалғап тұрған стратегиялық маңызды жолдан көтерілісшілерді ығыстырып шыққан болатын. Ал бірнеше күн бұрын осы провинциядағы ондаған елді мекенді өз бақылауына алған.

Айта кеткен жөн, Сирия әскерінің операциясы салдарынан былтыр бірінші желтоқсаннан бері 900 мыңға тарта адам үй-жайын тастап, босып кеткен. Осы ретте Түркия оқ атуды тоқтатуды талап етуде. Алайда Сирия басшысы содырлардың көзін жоюға уәде беріп отыр.   

Башар Асад, Сирия президенті:

– Елді мекендерді азат ету соғыс аяқталды не лаңкестік жойылды дегенді білдірмейді. Олай айтуға әлі ерте. Десе де, әрбір осындай жетістігіміз бізді жеңіске бір табан жақындата түседі.

Хабар 24 телеарнасы