417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азов теңізіндегі дельфиндер шоу ұйымдастырды

  • 547
  • UPD: 10:58, 19.02.2020
Азов теңізіндегі дельфиндер шоу ұйымдастырды ua.utro.news

Азов теңізінде дельфиндер шоу ұйымдастырып, жұрттың көңілін көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жағалауға тым жақын жүзіп келген сүтқоректілерді куәгерлер телефондарына түсіріп алған. Негізі Украинада биығы қыс аномалды жылы болып отыр. Салдарынан теңіз бетінде мұз қатпай, тұрғындар керемет көріністің куәгеріне айналған. Жалпы бүгін – Бүкіләлемдік киттер мен дельфиндер күні. Ол әлем жұртшылығына су жануарларын қорғау қажеттігін тағы да еске салады. 34 жыл бұрын дәл осы күні киттерді аулауға мораторий жарияланған болатын. Себебі соңғы 200 жылда бұл сүтқоректілердің саны айтарлықтай азайып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы