443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда екі жеңіл моторлы ұшақ соқтығысты

  • 172
  • UPD: 10:41, 19.02.2020
Австралияда екі жеңіл моторлы ұшақ соқтығысты

Виктория штатында екі жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Лайф. Ру басылымы.

Мәлімет бойынша, әуе техникаcы белгісіз себептермен ауада бағытын өзгерте алмай, соқтығысып, жерге құлаған. Олар Мельбруннан 120 шақырым қашықтықтағы Мангалора маңында жаттығу жасап жүрген. Дабыл белгісі берілісімен полиция, құтқарушылар мен дәрігерлер оқиға орнына дереу келді, алайда экипаж мүшелерін аман алып қалу мүмкін болмады.

Марқұмдардың аты-жөні анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы