413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екатеринбургта автобус жүк көлігімен соқтығысты, зардап шеккендер бар

  • 112
  • UPD: 12:28, 19.02.2020
Екатеринбургта автобус жүк көлігімен соқтығысты, зардап шеккендер бар

Болжам бойынша, қоғамдық көлік жүргізушісі ара қашықтықты сақтамауынан ол жүк көлігіне соқтығысқан.

Жол-көлік апатынан 5 адам жарақат алды. 

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат  08:00 шамасында Белоярский ауылы тұсында Екатеринбург – Рефтинский бағытына қатынайтын автобус апатқа ұшырады. Жүргізуші ара қашықтықты сақтамай, алда кетіп бара жатқан жүк көлігіне соқтығысты», – деді басқарма өкілдері.

Жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді өткізіп жібермек болып, тоқтаған сәтте оны кейін келе жатқан 25 жолаушысы бар автобус түйген. 

 

Хабар 24 телеарнасы