439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай азаматтары Ресейге уақытша кіре алмайды

  • 208
Қытай азаматтары Ресейге уақытша кіре алмайды

Қытайда коронавирустың тез таралуына қатысты Ресей билігі Қытай азаматтарын елге уақытша кіргізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа осы елдің премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойды. Жаңа ереже бейсенбіден бастап күшіне енеді. Енді Қытайдан Ресейге оқу, жұмыс, туристік және басқа да мақсатпен келгендер шекара аса алмайды.

Айта кетейік, шектеудің транзиттік жолаушыларға қатысы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы