413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кенияда шегірткемен күреске жастар тартылды

  • 338
  • UPD: 10:09, 20.02.2020
Кенияда шегірткемен күреске жастар тартылды

Шығыс Африка елдері өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері болмаған шегірткелелдің шабуылынан зардап шегуде.

Егістік алқаптарды тып-типыл етіп жатқан зиянкестермен күреске жастар тартыла бастады. Қазір олар жәндіктерге қарсы қалай әрекет етудің қыр сырын үйреніп жатыр. Оқу-жаттығу БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашлық ұйымының қолдауымен жүзеге асуда. Ал сарапшылар жазға таман жағдайдың күрделене түсетінін айтады. Себебі күннің ысуынан шегірткелердің саны жүздеген есе артпақ.

Хабар 24 телеарнасы