432,17 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда атыстан 8 адам қаза тапты

  • 449
  • UPD: 11:14, 20.02.2020
Германияда атыстан 8 адам қаза тапты

Германиядағы Майндағы Франкфурттен 20 шақырым жерде орналасқан Ханау қаласында атыс болды.

Оқиғадан 8 адам қаза тапты. Оқ тиген тағы 5 тұрғын  ауруханада жатыр. Дәрігерлер жараланғандардың жағдайы ауыр дейді. Белгілі болғандай қаруланған белгісіз біреулер бірнеше  ғимаратқа баса көктеп кіріп, бей-берекет жан-жағына оқ жаудыра бастаған. Артынша ізін суытып үлгерді. Қазір тәртіп сақшылары қаскөйді іздестіріп жатыр. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны да белгісіз. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы